Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасында жол жабылды

Нұр-Сұлтаннан шығатын бірқатар жолдар жабылды.

Алматы, NEGE. Ikomek жедел қызметі таратқан мәліметке сенсек, бүгін, 22 наурыз сағат 10.00-ден бастап «Екатеринбург - Алматы» тасжолының 1291-1426 шақырым аралығындағы учаскесі жабылады.  Бұл - Нұр-Сұлтан қаласы мен Теміртаудың аралығын қамтитын автожол.  Жолдың жабылуына ауа райының бұзылуы, боран мен жолдың көрінбеуі себеп болған.  Айта кетейік, кешеден бері Нұр-Сұлтан-Щучинск және Нұр-Сұлтан-Атбасар жолдары жабылған болатын.