Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасында жол жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  22 желтоқсан күні сағат 19.00 бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1426 шақырымы, яғни Нұр-Сұлтан мен Теміртау қаласының аралығындағы учаске жабылды. 

Көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған. 

Жол жабылуына себеп - көктайғақ, қар, бұрқасын.