Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларында да бомба қойылғаны хабарланды

Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдағы нысандарға 'бомба қойылғаны' туралы жалған ақпарат шықты. Бұл туралы полиция хабарлады.

Алматы, NEGE. "Нұр-Сұлтан әуежайы, My car және Lexus автосалондары, сондай-ақ "Хан-Шатыр" және Mega Silk Way сауда орталықтарының электрон мекенжайына белгісіз біреулер жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы қоқан-лоқы жазылған хат жолдаған. Бұл туралы "102" арнасына қоңыраулар түсті", - делінген елордалық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір бұл нысандарды қаланың төтенше жағдайлар қызметі тексеріп жатыр. Адамдарды эвакуациялау жүргізілген.