Нұр-Сұлтан мен Алматы «сары» аймақта тұр

30 қазандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Алматы, NEGE. «Қызыл» аймақта Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймақта - Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.