Нұр-Сұлтан қаласы мен 8 облыста ескерту жарияланды
Еліміздің кейбір өңірінде ауа райы құбылмалы болады.
Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжауынша Қостанай облысының солтүстігінде және Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Қалған өңірлерде жел күшейіп, найзағай ойнайды.
17 қыркүйекте күндіз Нұр-Сұлтан қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанып отыр. 17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.
17 қыркүйекте түнде Қостанай облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді.
17 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының орталығында және оңтүстік-шығысында, шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с күшейеді.