Нұр-Сұлтан: LRT құрылыс жұмысы жанданды

Нұр-Сұлтанда LRT жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Құрылыс алаңынан ірі техникаларды, ҚХР-дан келген жұмысшылар мен LRT үшін қажет жаңа конструкцияларды көруге болады. 

CTS көлік компаниясының мәліметінше, қытайлық мердігер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Қазіргі уақытта Қытайдың мердігер ұйымы - CNTIC консорциумы шарт міндеттері шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша дайындық жүргізіп жатыр. Олар жүргізетін құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесі пандемияға байланысты түзеліп отырады», – деп хабарлады CTS өкілдері.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады