Нұр-Сұлтан қаласы әлі қызыл аймақта тұр

4 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда «қызыл» аймақта бір ғана өңір – Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Ал «сары» аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.