Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мердігерлері бюджет қаражатын жымқырған

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мердігерлері мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Фактіні қаржы мониторингі агенттігі анықтады.

"Тергеу барысында қала әкімдігі тауар-материалдарды жоғары бағамен сатып алғаны анықталды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 1 млрд теңгеден асады", - деді агентікте.

Ведомствоның мәліметінше, бұл қаражатқа 300 орындық балабақша салуға немесе медициналық мекемелер үшін сапалы жабдықтар сатып алуға болады.

"Қазіргі уақытта ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп мәлімдеді қаржы мониторингі агенттігінде.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді