Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы Тұрсынбек Қабатовтың қызын жақтады
Нұр-Сұлтан қалалық білім беру басқармасы танымал қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызының оқиғасына қатысты пікір білдірді.
Алматы, NEGE. Ведомство өкілдері Тұрсынбек Қабатовтың қызының құжаттарында заңбұзушылық анықталмағанын жеткізді.
“Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы барлық “Алтын белгі” иегерлерін білімге құштарлығы мен мақсатқа жетудегі табандылығы үшін ризашылығын білдіре отырып, оқушы Аманғали А.Т. мектептерде оқу кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін және шыныменде жылдық қорытынды бағалау нәтижелері бойынша “Алтын белгі” иегері екенін хабарлайды.
Құжаттардың үлгілік ережелердің талаптарына сәйкестігіне жүргізілген мониторинг бойынша ешқандай заңбұзушылық анықталмады және құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келеді”, –делінген басқарма хабарламасында.