Нұр-Сұлтан әлемнің қымбат қалаларының қатарында

Numbeo

 статистикалық порталы  әлемнің қымбат қалаларының рейтингін жариялады. Оған Қазақстанның екі қаласы кіріп отыр.

Алматы, NEGE. Жаңа жылдың алғашқы есебінде өмір сүру бағасы индексі бойынша ең қымбат қала көшін Цюрих бастап тұр. Алғашқы бестікті басы бүтін Швейцарияның қалалары иемденген. Цюрихтен кейін Базель, Лозанна, Женева және Берн қалалары жайғасқан.

Қымбат қалалар ондығына Норвегияның Ставангер, Осло жәнеТронхейм, Берген  қалалары, Исландияның астанасы – Рейкъявик енеді.

Азияның ең қымбат қаласы – Токио. Ал Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан 386 орынға жайғасса, Алматы 389-шы орында тұр. Айтпақшы компания өкілдері Қазақстан астанасының атауы өзгергеннен бейхабар секілді, рейтингте ол Астана деп көрсетілген. Жалпы тізімге әлемнің 440 қаласы енген.

Бұл индекс дүкендер мен мейрамханалардағы бағалардан, көлікпен жүрі құнынан, коммуналдық төлемдерге кететін шығындар мен жергілікті тұрғындардың сатып алу қабілетін есептеуден құралады.

 

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды