Нұр-Сұлтан - Алматы рейсін орындау кезінде ұшақтың құсқа соғылғаны анықталды
SCAT әуе компаниясының ұшағы «Нұрсұлтан-Алматы» рейсін орындау кезінде құспен соқтығысып қалды.
Алматы, NEGE. «Рейсті орындау кезінде экипаж бөгде шуылды естіді. Ұшу кезінде қозғалтқыштардың параметрлері норманы көрсетті. Ұшақ экипажы Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласты. Ұшу және қону штаттық режимде өтті», - деп хабарлады компаниядағылар. Ұшақты тексеру кезінде құстың іздері анықталды. Әуе кемесі бүлінген жоқ. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр.