2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңілді

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финал белдесуін өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық балуан ширек финалда Олимпиада чемпионы әрі екі дүркін әлем чемпионы, украиналық Жан Беленюкпен кездескен болатын.

Тартысты жекпе-жекте Тұрсынов 3:7 есебімен қарсыласқа жол берді.

Егер Жан Беленюк финалға шыққан жағдайда, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алады.