Нұрсұлтан Назарбаев та референдумда дауыс берді

 84 жастағы Назарбаев елордадағы «Астана опера» театрында ашылған референдум учаскесіне келді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев АЭС құрылысы жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді. 

84 жастағы Назарбаев елордадағы «Астана опера» театрында ашылған референдум учаскесінде бой көрсетті.

Бұрынғы президент бюллетенді жәшікке салып болған соң, журналистермен амандасып, қазақстандықтарға бақыт тіледі.

«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар», – деген ол журналистердің сұрақтарына жауап бермеді. 

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті