Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында дауыс берді

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға қатысты.

Nege.kz

Астана, NEGE. Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. 

Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау-қабылдамау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беру басталды. Референдум күні еліміз бойынша барлығы 10 402 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Учаскелер таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ашық болады. Сонымен қатар Қазақстанның 54 елдегі шетелдік өкілдіктері жанынан 71 учаске ұйымдастырылған.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ел бойынша 12 461 796 азамат дауыс беруші ретінде тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Парапланерист сайлау учаскесіне қонды: Экстремал Өскеменде өткен референдумда дауыс берді

Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары біраз уақытқа созылды – Тоқаев

Маңғыстаудағы Роналдудың әкесі дауыс берді

Алматы облысында 104 жастағы кейуана референдумда дауыс берді