Нұрсила Берікбол ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

ҰОК

Астана, NEGE. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды.

17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста Нұрсила Берікбол үшінші нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 177 (79 98) келі салмақты бағындырды.

Ал алтын медальді Оңтүстік Корея спортшысы Даен Ли жеңіп алды — 196 (88 108) келі. Екінші орынға Өзбекстан өкілі Сарвиноз Купайсинова орналасты — 187 (87 100) келі.

Айта кетейік, бұған дейін Ксения Прозорова мен Әлихан Әскербай өз жас санаттарында чемпион атанған еді. Сонымен қатар Ксения U20 турнирінде күміс, ал Әлихан осы санатта қола медаль еншілеген болатын.

17 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жарыста Ернұр Мырзахмет те үшінші орынға көтерілді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?