Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Дзюдошы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азиаданың қола медалін жеңіп алды.

Алматы, NEGE. Медаль үшін шайқаста Шархан Оңтүстік Кореядан келген қарсыласы Джонхун Вонмен кездесті. Қазақстандық дзюдошы иппон әдісімен жеңіске жетті. Бұл Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль.

Отандық татами шеберлерінің активінде бір күміс және төрт қола жүлде бар.