«Нұрлы жол» кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Қытаймен шекарадағы «Нұрлы жол» кеден бекетінде мемлекеттік кірістер органының қызметкерлерін ұстады, - деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 

Ветеринарлық, фитосанитарлық бақылау органдарының қызметкерлері ұсталғаны хабарланды. Бәрі мемлекеттік шекарадан кедергісіз өткізу үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді.

«Қажет тергеу шаралары жүріп жатыр, Бас көлік прокуратурасы істі тергеу барысын бақылауға алды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты айтылмайды», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қазір оқып жатыр

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады