Нұрлан Жоламанов бостандыққа шықты

ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы директоры – генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов бостандыққа шықты. 2015 жылы ол 11 жылға сотталған болатын.

Алматы, NEGE. «Қылмыстық топ құрды, оған жетекшілік жасады, аса ірі көлемде пара алды» деп айыпталған генералдың ісі қоғамда біраз шу тудырған. Тергеу органы генералды 2013-2014 жылдары қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік жасады, 932 мың және 436 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыптаған.

Сот Жоламановты 11 жылға соттады. Алайда ол жуырда бостандыққа шықты. Сот оның қандай уәжіне сенгені әзірге белгісіз.