Нұрлан Ноғаев: 2025 жылға дейін 13 су электр стансасы салынады

2025 жылға дейін 13 су электр стансасы салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-сұлтан, NEGE. «Маневрлік қуат тапшылығын ескере отырып, министрлік еліміздің оңтүстік өңірінде генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі 4 әлеуетті жобаны пысықтады. Жалпы, оңтүстік өңірде 2025 жылға дейін шамамен 1300 МВт газ генерациясын іске қосу жоспарлануда. 2025 жылдың соңына дейін белгіленген жиынтық қуаты 178 МВт-қа жуық 13 су электр стансасы нысанын іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді министр. Сонымен қатар ол биыл маневрлік су электр стансасын қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздері бойынша жиынтық қуатқа аукциондық сауда-саттық өткізу белгіленгенін айтты. «Жалпы алғанда, 2025 жылы ЖЭК электр энергиясын жалпы өндіру үлесін 6 пайызға жеткізу күтілуде», - деді Нұрлан Ноғаев.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр