22 февраля 2022 г. 13:19

Нұрлан Нығматулин қайда жүр? (видео)

Фото:

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин елордадан ешқайда кетпегенін айтты. Төменгі палатаның экс-спикері журналист Махамбет Әбжанның Telegram-арнасына берген шағын сұхбатында айтты.

Алматы, NEGE. Ол кейбір Telegram арналар жазғандай Лондонда емеспін деді.

Мен бұл жерде Bigben мен Темзаны көріп отырған жоқпын. Сондықтан мұның бәрі бос сөз. Мұндай мәлімдемелерді тыңдаудың қажеті жоқ деп ойламын. Еліміздің астанасы — Нұр-Сұлтандамын. Ешқайда кетпедім, — деді Нұрлан Нығматулин.

Ол Мәжілістен кеткеннен кейін қазір немен айналасып жүргенін айтты.

"Соңғы жылдары мүлдем бос уақытым болмады. Ал қазір кітап оқып, достарыммен кездесіп жүрмін. Жақында 10 жыл көріспеген бірге оқыған сыныптастарымен жолықтық. Отбасы, балалар, немерелер бар. Енді бос уақытымда соларға көңіл бөліп жүрмін. Бос уақытың барда — істейтін шаруа да болады", — деді экс-спикер.

Тегтер: