Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды

Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен кетті.

Алматы, NEGE. «Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы баянатқа сәйкес, Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылды. Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы міндетін полиция полковнигі Қайыров Жасқайрат Иманбекұлы атқарады», делінген ПД-нің ресми хабарламасында.

Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы бойынша департаментті 2019 жылдан бері басқарды.