Нұрлан Қоянбаевтың фильмі көш бастап тұр
Отандық прокатта топ жарған фильмдер тізімі анықталды. Табысты туындылар көшін «My love is Aisulu» картинасы бастайды.
Нұрлан Қоянбаевтың кезекті лентасы айналымдағы алғашқы аптада 76 миллион теңгеден аса пайда тапқан. Продюсер бұл жолы Америка, Корея емес Лос-Анджелес қаласына арнайы барып, романтикалық комедия таспалаған еді.
Әсел Сағатова мен Нұрлан Қоянбаевтың өзі басты рөлді сомдайтын туынды, қос ғашықтың махаббат хикаясын баяндайды.
Араға 17 жыл салып, үлкен экранға қайта оралған бұзық жігіттер екінші сатыда. 32 миллион теңге кіріс көрген «Bad Boys» фильмінде басты рөльді әйгілі актерлер Уилл Смит пен Мартин Лоуренс сомдады.
Айта кетейік, көрермен көзайымына айналған туындыда қос детективтің бастан кешкен оқиғасы баяндалады.
14 миллион теңге қаржыға кенелген режиссер Сэм Мендестің бұл туындысы «Оскардың» 10 номинациясы бойынша марапатталды.