Нұрлан Ермекбаев басшылық қызметке қайта сайланды

Нұрлан Ермекбаев Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып қайта сайланды.

Алматы, NEGE. Алматыда өткен кезектен тыс конференцияда Нұрлан Ермекбаев төралқа шешімімен қайтадан Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып сайланды. Ол бұл лауазымды 2018 жылдан бері басқарып келеді.

Өткен 2 жыл ішінде Қоян-қолтық ұрыс қауымдастықтары жүйелі жұмысымен көзге көрінді: еліміздің ірі қалаларында, облыс орталықтары мен ауылдарында балалар мен ересектерге арналған спорт залдары жұмысын тоқтатқан емес.

2021 жылы Мәскеуде өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем Кубогында қазақстандық команда сәтті өнер көрсетіп, 4 алтын, 2 күміс және 6 қола медальды қоржынға салды.

Қауымдастық сондай-ақ 2023 жылғы Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті