Нұрлан Әлімжанның жалақысы жұмырына жұқ болмай жүр ме?

Өткен жылдың күзінде парламент мәжілісінің депутаты атанып,  шығармашылықты  шенеунік қызметімен алмастырған Нұрлан Әлімжан қазіргі қызметі туралы тілге тиек етті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актер журналистің «депутат атанғалы қандай жеңілдіктерге ие болдыңыз?» деген сұрағына өз ойын білдірді. Көпшілік көкейінде жүрген сауалға  жауап берген Нұрлан мырза жаңа қызметке кіріскенде, өзіне берілген баспананың уақытша екенін айта келе, жалақысының жайын да ашық айтқан.
«Бұл жерге мен айлық үшін келмедім. Несін жасырайын, депутат болмай тұрған кезде бір жерде «әу» деп ән айтып, асаба болып бір күнде алатын айлық. Ал бұл жаңа лауазым, жаңа белес. Осының дәмін татайық. Мендегі осы қызмет арқылы ұлтыма не қызмет көрсете аламын деген мақсат», - дейді.

Қалтаның қамын емес, жұртымның қамын ойлағандықтан билікке бардым деген Нұрлан Әлімжанның ел үшін қандай игі істер жасайтынын уақыт көрсетеді деп сенейік.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?