Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Сауранбаевты Қазақстанның көлік министрі қызметінен босатты.
Астана, NEGE. Нұрлан Сауранбаев Көлік министрлігін 2025 жылғы 30 маусымнан бері басқарып келді. Ол биыл 3 қыркүйекте осы қызметке қайта тағайындалған болатын.
Сауранбаев бұған дейін, 2021–2025 жылдары, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болды.
Әзірге оның қызметтен босатылу себебі мен орнына кім тағайындалатыны әлі хабарланған жоқ.
Айта кетейік, 28 қазанда халыққа Жолдауында Президент елдегі автомобиль жолдарының сапасын қатаң сынға алған болатын.
Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы органдардың жол мәселесін шешудің орнына жауапкершілікті бір-біріне ысырып келгенін айтты.