Нұрлан Өнербаев Түркістан облысының 'Құрметті азаматы' атанды

Нұрлан Өнербаев Түркістан облысының 'Құрметті азаматы' атанды. Бұл туралы 'Түркістан' телеарнасы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

instagram.com/ turkistantv

 Алматы, NEGE. Телеарна ұсынған видеоға сүйенсек, төсбелгіні өнер иесіне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды табыстаған.

"Анашым", "Әке арманы", "Қарағым-ай", "Ауылым" әндерімен күллі қазақ даласын тербеген, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері – Нұлан Өнербаев Түркістан облысының "Құрметті азаматы" атағын иеленді",- делінген телеарна жазбасында.

Айта кетейік, Нұрлан Әлтайұлы Өнербаев 1961 жылы 4 қарашада қазіргі Түркістан облысы Төле би ауданындағы Қазақстан ауылында туған.