Нұрлан Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ал Бұл қыщметті бұрын атқарған Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.