Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланғаны туралы хабарлама құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ресми сайтында жарияланды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Арғын Нығматулинге бүгін іздеу салынды. 

«Туған күні: 28.06.1955, жынысы: еркек, Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақ. Іздестіру ісі 03.03.2025 «Астана өңірде тіркелді. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі», – делінген сайтта.

Арғын Нығматулин қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының негізін қалаушылардың бірі ретінде аталады. 2018 жылы директор қызметінен кеткеннен кейін ол клубтың кеңесшісі болып қалды.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек