Нұрқанат Әжіқанов жартылай финалға шыға алмады
Токио Олимпиадасында каратэден ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта іріктеу кезеңі аяқталды.
Алматы, NEGE. Өкінішке қарай, қазақстандық Нұрқанат Әжіқанов өз тобында жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Нұрқанат өз тобында Австралия, Италия спортшыларын жеңіп, Германия және Әзербайжан каратэшілеріне есе жіберді. Нәтижесінде, өз тобында төртінші орын алып, жартылай финалға өте алған жоқ.
Нұрқанат Әжіқанов сынға түскен В тобында әзербайжандық Рафаэль Агаев пен италиялық Луиджи Буса жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұл, 20 жастағы қазақстандық спортшы үшін жаман нәтиже емес. Ол өз тобында екі дүркін әлем чемпионы Луиджи Бусаны ұтып, әлемге әйгілі Рафаель Агаевтан бір ұпай айырмасымен ғана жеңілді.