Нұрислам Санаев: Ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев мемлекет тарапынан берілетін қомақты сыйақыны мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақ. Бұл туралы спортшы желідегі парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. «Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын. Бүгін де сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!», - деп жазды спортшы желіде.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады