31 августа 2022 г. 13:01
Нұрболат Абдуллин қырғызстандық әріптесін құттықтап қайтты
Әнші күні кеше өткен Конституция күні мерекесінде көршілес Қырғыз елінің сахнасында өнер көрсетті.
Алматы, NEGE. Instagram парақшасына жүктеген бейнежазбасынан өнер иесін айыр қалпақты ағайындардың ерекше қошеметпен қарсы алғанын аңғаруға болады.
Абдуллин қырғыздың белгілі әнші-сазгері Бек Борбиевті шығармашылық кеші әрі туған күнімен құттықтай барған. Отандық әнші кеште автордың «Тамшылар» атты әнін қазақша нұсқада орындады. Туындының сөзі белгілі ақын Талант Арынғалиға тиесілі. Аталмыш әнді осыған дейін еліміздің сахнасында Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев пен «МузАРТ» тобы орындаған.