Нұрбибі Нұрқаділова Тоғжанымен ажырасып кетті
Нұрбибі Нұрқаділова 10 мамыр күні туған күнін атап өтті. Биыл ол 30-ға толып отыр. Ол өмірін жаңадан бастауға шешім қабылдаған сыңайлы.
Алматы, NEGE. Instagram Stories-ке қарағанда, Нұрбибінің азаматтық некедегі «әйелі» Тоғжанмен ажырасып кеткені байқалады.
Ажырасу себебі туралы ештеңе айтпаған. Десе де, Алматы қаласының клубтарының бірінде ештеңеге алаңдамай, көңіл көтеріп жүр. Нұрбибі жариялаған посттарға сенсек, оның ұзақ уақыт жалғыз болмайтын түрі бар. Блогердің өмірінде «жүрегін жаулап» үлгерген басқа әйел пайда болған сыңайлы.
Еске сала кетсек, Нұрбибі мен Тоғжан үш жыл бірге тұрған. Тоғжан бірінші болып, үйленуге ұсыныс жасаған-ды.