Нұрбек Оралбай Қытайдың этникалық қазағымен "алтынға" таласатын болды

Қазақстандық әуесқой боксшысы Нұрбек Оралбай Ташкентте бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай ресейлік Имам Хатаевпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, өткен жылы Азия чемпионатында қола жүлдегер, ал 2018 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған жерлесіміз финалға шығып, Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен алтын медальға таласатын болады.

Айта кетсек, бұған дейін Ташкентте бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) және Дулат Бекбауов (67 келіге) шыққан болатын. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр