2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) Париждегі Олимпиада ойындарының финалындағы қарсыласы белгілі болды.

Владислав Семенов

Алматы, NEGE. Нұрбек Оралбай алтын медаль үшін таласта украиналық боксшы Александр Хижнякпен жұдырықтасады. Ол жартылай финалда кубалық Арлен Лопесті ұтты.

Финалдық бәсеке 7 тамыз Астана уақытымен 01:51-де басталады.

Айта кетейік, Нұрбек бокстан қазіргі әлем чемпионы. Ол 2023 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде топ жарған. Ал финалдағы қарсыласы Александр Хижняк Токиодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.