Нұрбек Оралбай бокстан Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Тұрар Қазанғапов

Алматы, NEGE. 80 келі салмақта сынға түскен спортшы австралиялық Каллум Питерспен жұдырықтасты.

Алғашқы раундта Нұрбек 5:0 есебімен алға шыққан. Екінші раундта Каллум дәл солай қарқынды жұдырықтасып, Нұрбекті нокдаунға жіберіп үлгерді.

Матчтың жеңімпазы үшінші раундта шешілді. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Нұрбекке беріп, қазақстандық боксшы өте қиын кездесуде ширек финалға өтті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды