Нұрасыл Төлебек бокстан әлем чемпионы атанды

Арменияның астанасы – Ереванда өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түсті.

54 келі салмақта Нұрасыл Төлебек финалда үнді Жатин Жатинді 4:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, ер балалардан екі боксшымыз, қыздарда екі спортшымыз әлем чемпионатының құрмет тұғырына көтерілді. Бұған дейін хабарланғандай, Толғанай Қасымхан 60 кг салмақта ресейлік Кира Леонованы 3:2 есебімен басым  түссе, қыздар жарысында Аяжан Сыдық 54 кг салмақта финалда Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесіп, оны 5:0 есебімен жеңді.

Үшінші алтын жүлдені  66 келі салмақтағы Айсұлу Мұхит жеңіп алды. Ол финалда румын спортшысы Амалия Тугуидан айласын асырды.

Еревандағы әлем чемпионатына 51 мемлекеттен 357 спортшы қатысты.

Қазақстан командасы 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр