Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» кеңесінің басшысы болып қайта сайланды

Нұрәлі Әлиев үш жылға «Транстелеком» кеңесінің басшысы болып қайта сайланды.

Алматы, NEGE. «Транстелеком» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы сайланды. Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш немересі Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» Директорлар кеңесін басқаратын болды.

Сондай-ақ директорлар кеңесінің құрамында: Әлиев Н.Р., Покупателев Д.А., Өтемұрат Б. М., Гумаров Э. М., Ахметжанов А.М., Чеховский В. А., Ибраимов К.У. бар.

Еске салайық, 2016 жылғы 4 тамыздағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен алғаш рет Нұрәлі Әлиев компанияның директорлар кеңесінің құрамына сайланды.