Нұралы Әліп Ресей Cуперкубогының үш дүркін чемпионы болды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп санкт-петербургтік "Зенитпен" Ресей Cуперкубогын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ  хабарлады.

Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

Алматы, NEGE. Жаңа маусымның алғашқы кубогы үшін өткен кездесуде "Зенит" ұжымы "Краснодар" командасын 4:2 есебімен жеңді. Ойын "Волгоград Аренада" болды.

Петербургтік команда сапынан Родригао (13-минутта), Вендел (33) және Максим Глушенков (42, 68) гол соқты. 

Краснодар" құрамынан Никита Кривцов (65) пен Федор Смолов (70) мергендік танытты.

Нұралы Әліп алаңға 66-минутта Родригаоның орнына шықты. Қазақстандық футболшы нәтижелі әрекетімен көзге түспеді. Десе де "Зенит" командасы Ресей Cуперкубогын тарихта тоғызыншы рет және қатарынан бесінші рет жеңіп алды. Ал Нұралы бұл жүлдені осымен үшінші рет иеленді.

Қазір оқып жатыр

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды