Nur Otan: Жыл сайын 500 адам кәсіпкерлік негіздерін оқитын болады
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Еділ Жаңбыршин Бейнеу ауданындағы Берекелі базарының жұмысшыларымен кездесті.
«Біз 23 желтоқсанда Бейнеу ауылындағы базарда жиналыс өткізіп,«Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірдік. Кездесу қызықты өтті», - деді Еділ Жаңбыршин.
Кездесу барысында Еділ Терекбайұлы кәсіпкерлерге партия бағдарламасын таныстырып, бизнесті дамытудың басымдығы мен салық жеңілдіктері туралы баяндады.
Кандидат Еділ Терекбайұлы әлемдік коронавирустық пандемияның еңбек нарығын өзгерткенін, тұтастай алғанда елдегі экономикалық жағдайға теріс әсер еткенін, сондықтан мемлекет 2020 жылы дағдарысқа қарсы шаралар әзірлегенін атап өтті.
Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, аймақтағы белсенділікті қалпына келтіруге, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыруға көмектеседі.
Бұл шаралар 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған ШОБ санын 55 мыңға дейін, ал ШОБ-та жұмыс істейтіндердің санын 130 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.