«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді

Аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат Сәрсенов Болат Анатайұлы «Есіктен есікке» акциясы аясында Бөрлі ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ол «Береке» КСК ұжымымен кездесті. Кездесу барысында депутаттыққа кандидат ауданның экономикалық ахуалын түсіндіріп, Бөрлі ауданы Қазақстанның индустриялық дамудың болашағы бар орталықтарының бірі екенін түсіндірді.

Акция барысында педагогика еңбек ардагерлері Анна Петровна Лобанова және Дисенбекова Қалипа Сағынгерейқызымен кездесті. Олар қаламызды абаттандырудағы оң өзгерістер туралы өз пікірлерін білдірді, сондай – ақ ең бастысы-халқымыздың бірлігі, еліміздің гүлденуі және барлық тұрғындардың әл-ауқаты екенін атап өтті.

Аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Болат Сәрсенов «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. 

Қаржы «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық сайлау қорынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді