«Nur Otan» көпбалалы аналарға маска таратты

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы көпбалалы аналарға 16 мың медициналық маска таратты.

Алматы, NEGE. Пандемия кезінде азаматтарға қолдау көрсету аясында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы қаланың «Бақытты отбасы» 8 аудандық орталықтарына көпбалалы аналарға арнап 16 мың медициналық маска таратты. Қорғаныс құралдарын қала бойынша «Бақытты отбасы» орталығының үш жүз қызметкері алды. «Акция халыққа карантин аяқталмағанын және қауіпсіздік шараларын сақтану керектігін жеткізеді. Сақтық шараларын ұстанбау сіздің және жақындарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Мамандардың кеңестеріне жүгініп, өздеріңізді сақтау керектегін естеріңізге саламыз», – деді партия мүшесі Мәди Ахметов.

Қазір оқып жатыр

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады