«Нұр Отан» – «Аманат». Президент партияның атауын ауыстыруды қолдады
«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс сиезінде Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов партияның атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Әлгіндей ұсынысты Мәжіліс cпикері Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қолдады.
«Аманат» деген сөз – ата-бабамыздың болашақ ұрпаққа ұстатқан шамшырағы іспеттес. Аманаттың мәні тереңде, біздің халқымыздың тарихы мен мәдениетінде ерекше мәнге ие. Бұл – тәуелсіздігіміздің идеалдары мен күшті мемлекееттіліктің, жалпыхалықтық бірліктің белгісі. Ата-бабамыз бізге еткен ұлан-ғайыр жерді аманат етті. Біз осы құндылықты сақтап қана қоймай, күшейтуіміз керек. Бұл біздің өткеніміз бен болашағымыздың алдындағы парызымыз. Мен партияның атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдаймын», – деді Президент.