«Нұр Астана» мешітіне Әбу Насыр әл-Фараби есімі берілді

Елордадағы «Нұр Астана» мешітіне Әбу Насыр әл-Фараби есімі берілді.

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісіне «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту жөніндегі Ғұламалар кеңесінен ұсыныс түскен болатын.

ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде 15 жылдық тарихы бар мешіт ендігі таңда ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталатындығы туралы шешім қабылданды.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін