«Нүкенованы қала сыртына апарып өлтіріп, далаға көміп тастар еді» – Бишімбаевтың адвокаты

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында жарыссөз жүріп жатыр. 

жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Жарыссөзде Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сөз сөйледі.

Ол сөз басында сотталушыны және оның барлық әрекеттерін толықтай ақтамайтынын атап өтті.

Алайда оның айтуынша, Бишімбаев қасақана өлтіргісі келсе, басқа әдісті қолданар еді.

«Егер Бишімбаев кісі өлтіруді жоспарлаған болса, оны өз қолымен істер ме еді? Бұл жағдайда кәсіби кісі өлтірушіні жалдай салу тиімді емес пе? Алайла киллер жалдау туралы бірде-бір дәлел жоқ.

Бишімбаев өз қолымен кісі өлтіргісі келді делік, онда қаруын алдын ала дайындап, Нүкенованы қала сыртына апарып өлтіріп, далаға көміп тастар еді», – деді адвокат. 

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды