Нью-Йоркте мектептер қайта ашылады

Нью-Йоркте эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына қарамастан мектептер қайта ашылатын болды.

Алматы, NEGE. Нью-Йорктегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына қарамастан мектептер қайта ашылатын болады. Бұл туралы шаһар мэрі Билл де Блазио хабарлады. Айтуынша, балалар аптасына 5 күн бойы мектепте сабақ оқиды. Белгілі болғандай, алдымен бастауыш сынып оқушылары желтоқсанның 7-сінен бастап партаға отырады. Кейін өзге сынып оқушылары оқуына оралмақ. Осылайша бастапқыда шамамен 190 мың бала мектеп қабырғасында білім алады. Ережеге сай балалар мен мұғалімдер вирусты анықтайтын тестті апта сайын тапсырып отырулары тиіс.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды