Нью-Йоркте ереуілшілер полицияға тас лақтырды

Жаппай ереуілдер кезінде Нью-Йорк полицейлеріне жасалған шабуылдар лаңкестік әрекет ретінде тергелетін болды. Бұл туралы Нью-Йорк Таймс басылымы хабарлайды.

Алматы, NEGE. Жалпы соңғы оқиғаларға байланысты АҚШ-та тәртіп сақшыларына деген өшпенділік артып кеткен. Ол туралы Нью-Йорк полициясында жұмыс істейтін отандасымыз Димаш Ниязов мәлімдеді. Жерлесіміз шаһардағы соңғы ахуал жайлы бізге баяндап берді. "Бұл бүлік полицейлерге қарсы өшпенділік тудырды. Сондықтан әріптестерімізге жасалған шабуылдар жиілеп кеткен. Ереуілшілер оларға тас, кірпіш, жандырғыш қоспасы бар шөлмектеп лақтырды. Таяуда 3 офицерге оқ атылды. Тағы біреуіне пышақпен шабуыл жасалды. Абырой болғанда, бәрі тірі қалған. Олар ауруханада ем қабылдап жатыр. Қазір тұрғындар бізге қоңырау шалып шақырғанда екі полиция көлігімен баратын болдық. Өйткені кейбіреулер бізді әдейі тосып, шабуыл жасауға дайындалып отырады", - деді полицей Димаш Ниязов. 

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?