Новак Джокович оныншы рет Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

Сербиялық теннисші Новак Джокович оныншы рет Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Джокович бүгін финалда грекиялық Стефанос Циципастан 6:3, 7:6 (7:4), 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.

Род Лэйвер аренасында үш сағатқа созылған бәсеке барысында сербиялық спортшы 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 15 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Новак Джокович 22 рет "Үлкен дулыға" турнирінің чемпионы атанды. Бұл көрсеткіш жөнінен ол испаниялық Рафаэль Надальмен теңесті. Н. Джокович сондай-ақ, Уимблдонда – 7, АҚШ ашық чемпионатында – 3, Ролан Гарроста – 2 рет үздік шықты. Р. Надаль Ролан Гарросты – 14, АҚШ ашық чемпионатын – 4, Уимблдон мен Аустралия біріншілігін – 2 реттен ұтты.

Қазіргі кезде әлемдік рейтингіде 5-орында тұрған Джокович ертең көш бастайды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды