Нөсер: Жүз мыңдаған адам эвакуацияланып жатыр

Кюсю аралындағы қатты нөсерге байланысты Нагасаки қаласы мен Жапонияның оңтүстік-батысындағы басқа да елді мекендердің жүз мыңдаған тұрғыны су тасқыны мен көшкін қаупінен эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Reuters.

Алматы, NEGE. Билік Кюсю аралының кейбір орталық бөліктерінде ең қауіпті бесінші деңгейдегі эвакуациялау туралы бұйрық шығарып, тұрғындарды өз өмірлерін қорғау бойынша шұғыл шараларға жүгінуге шақырды.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, Нагоми қаласында өзен арнасынан асқан.

Билік 3 839 үй шаруашылығын эвакуациялануға шақырды. Қазіргі кезде толассыз жауған нөсер жаңбыр Кюсю аралының батысына қарай жылжып барады.

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Таиландта дүниеге келген нәресте мен анасы санавиациямен Алматыға жеткізілді

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ