Нора Джеруто жеңіл атлетикадан Токиодағы әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Токио (Жапония) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеуден сәтті өтті.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 15 қыркүйекте әйелдер арасында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгірудің іріктеу кезеңі өтті.

Бұл сынға Қазақстан атынан Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей қатысты.

Джеруто алғашқы жүгіруде мәреге екінші болып келіп, финалға жолдама алды. Ал Джепкемей өз жүгірісінде тоғызыншы орынға табан тіреп, келесі кезеңге өте алмады (финалға үздік бес спортшы шықты).

Айта кетейік, финал 17 қыркүйекте өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған