«Нойс» оралды: Айнұр Тұрсынбаева күйеуін күтіп алды (видео)

Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Ыстанбұлдағы үйіне оралған.

Алматы, NEGE. Ол біраз уақыттан бері жұрт көзіне көрінбей кеткен болатын. Тіпті, жақында ғана өткен Айнұр Тұрыснбаеваның ұлының тойында да төбе көрсетпеген еді. 

"Нойс" лақап атымен танымал Нұржан Иманәлиев "Дикий Арманның" сенімді серіктерінің бірі екенін барлығы жақсы біледі. 

Естеріңізде болса, Нұржан Иманәлиевтің қамауда жатқаны туралы ақпарат тараған. 

Күні кеше Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан үйіне оралғаны туралы видео пайда болды. Видеода Нойстың келу құрметіне сауық кеші өткені байқалады. 

"Жақсы адамдармен Стамбул кеші", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаеваның көмекшісі әлеуметтік желіге жүктеген видеосында. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда оқу бағдарламасы мен оқулықтар мазмұны өзгертіледі

Трамп жақын арада Макронның Франция президенті қызметінен кететінін айтты

Қазақстанда мәдениет және ақпарат саласындағы 20-дан астам заңға өзгеріс енгізілмек

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген бұрынғы шенеунік көз жұмды